• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Желтоқсан, 2019

 «Қазақстандық Лапландия» шақырады

262 рет
көрсетілді

Бурабай баурайындағы «Қазақстандық Лапландия» ертегі-мұз қалашығында қысқы маусымның ашылу салтанаты өткізілді.

Мәңгі жасыл қарағайлар мен ақ қайыңдар көмкерген әдемі әлем небір қызықты шаралармен буырқанып тұр. Соны жаңалық та бар. Ел құлағын елең еткізетін тосын дүние «Қазақстандық Лапландия». Сиқырлы әлемімен сұқтандыратын өзгеше өңді ертегілер әлемі Щучье көлінің жағасында орналасқан. Осындағы Санта-Клаустың резиденциясында мұз айдынында коньки теуіп, бұғы және ит жеккен шаналармен қырдан құлдилап, аққан жұлдыздай зымырап кіршіксіз ақ қардың үстінде сырғанай аласың. Сондай-ақ Санта-Клауспен, эльфтармен және өзге де ертегі кейіпкерлерімен кездесіп, суретке түсуге болады.

Соңғы кездері «Қазақстандық Лапландия» балалармен бірге ересектердің де сүйікті мекеніне айналып отыр. Мұнда жыл сайын мыңдаған адам келіп, көңіл көтеріп қайтады. Қазақстанның әр өңірінде тұратын балалар Санта-Клаусқа қыс бойы хат жаза алады. Оларға міндетті түрде жауап жазылатыны айтылып жатыр.

Маусымның ашылуына бұл жолы да облыстың əр өңірінен жиналған ересектер мен балдырғандар қатысты. Шараны ұйымдастырушы «Бурабай Даму» серіктестігі келушілерге құшағын айқара ашады.